Сіз білесіз бе? Шайдың шығу тарихы
Шайды XIX ғасырдың ортасына дейін дүние жүзіне Қытай өзі ғана сатып келді. Қытайлықтар шай өндіру сырын жібек, фарфор, дәрі өндіру құпиясын жасырғандай керемет ұқыптылықпен басқа халықтардан жасырды. Бірақ, осы шайдың сырын үйренуге көпшілік құлшынып отыр еді. Бір ағылшын кәсіпкері шай сатушы қытайға көп ақша беріп шай әзірлеудің технологиясын үйреніп алады. Бұл – қытайларды шай сатудан түсетін орасан зор пайдадан айырды. Десе де шайдың отаны Қытай болып саналады. Біз шай деген атауды солтүстік (Пекин) диалектісі бойынша «ча» атауынан алсақ, француздар «тэ», ағылшындар «ти» деген атауды оңтүстік қытай диалектісінен алған.
150 жыл бұрын еуропалықтар шайды қытайлардан сатып алып келді. Шайға сұраныс артқан соң қаржы шығындамау үшін (шайды кемемен Еуропаға жеткізу өте қымбатқа түсетін, әрі сапасы нашарлайтын) шай бұталарын өз отарлары Үндістан мен Цейлонда өсіруді қолға алды. Ең алдымен Үндістанның Ассам штатына кейінірек Цейлонда (1972 жылға дейін Британ доминионы осылай аталды, бұл қазіргі Шри-Ланка) өсірді.
Шайдың құрамы, қасиеті, түрлері: Шайдың құрамында танин, кофеин, теобромин, эфир майы, витаминдер (Р,С,В,В2,РР) пигмент т.б заттар болады. Шай шөл басады, көздің көруін жақсартады, жүйке жүйесіне әсер етеді, қан тамырларын кеңейтеді, бүйрек қызметін жақсартады, еңбек қабылеттілігі мен ой қызметін жақсартады.
Шай ең көп экспорт етілетін елдер: Бельгия, АҚШ, Голлдания, Сауд Арабиясы.
Қазақстан шайды мына елдерден сатып алады: Үндістан – 7,7 мың тонна және Кения – 6,2 мың тонна, Ресейден – 1,2 мың тонна, Вьетнамнан – 746,4 тонна және Шри-Ланкадан – 547,2 тонна. (2023 жылғы қаңтар-ақпан айларының көрсеткіші).