Тарих... Дұрыс Інжіл
1947 ж. Құдыстың (Иерусалим) 10 миль шығысындағы Кумран тауындағы үңгірлердің бірінен қойшылар тарапынан рулон түріндегі 2000 жылдық қол жазба Інжіл парақтары табылып, дереу зерттеуге алынған еді. Бірақ арада өткен 61 жыл ішінде табылған беттерден тек бүгінгі Інжілде бар болған бөліктері ғана жарияланып, қалған маңызды жерлерінің жарияланбауы ілім адамдарының наразылығына себеп болды.
Оксфорд университетінің профессоры Геза Вермес “Бұл академиялық қиянат” деп айтса, US News and World Report журналы “табылған парақтар ескі грек және иврит тілдерінде жазылған. Бәлкім бұлардың шешілуі үшін ұзақ уақыт керек. Бірақ мұншама ұзақ уақыт өткен жазбаларды анықтау қиынға түспек” деп жазды.
Осындай баяндамалар айтылғанымен бүкіл христиан әлемінің қазірге дейін өздерін алдап келген шіркеулерге қарсы дұшпандығы басталу қаупі себебінен баяндама жасалуының тікелей шіркеулер бірлігі тарапынан алды алынғаны туралы пікірлер артуда.
Қазіргі Інжілдерден шындыққа ең жақын деп қабылданған Барнабас Інжілінің Пәкістандағы басылымында Иса алейһиссаламнан кейін пайғамбар болып хазреті Мухаммед алейһиссаламның келетіні анық айтылған. Барнабас деген кісі осы Інжілінің себебімен радикал христиандар тарапынан тас аттық жасалып өлтірілген.
Құдыс маңайында табылған және хазреті Иса немесе оның хауариі Жеймс тарапынан жазылғаны көрсетілген Інжіл парақтарында да Барнабастың Інжілінде болғаны секілді соңғы пайғамбар болып Мұхаммед алейһиссаламның келетінін сүйіншілеген уахиді қамту ықтималдығы айтылуда.