Untitled Document

Күннің тарихы... Ашура күні жасалатын амалдар

1) Ашура күні ораза тұту сүннет болып табылады. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Ашура күні ораза тұтқан адамның бір жылдық күнәлары кешіріледі». (Мүслим, Тирмизи, И. Ахмед, Табарани)

«Ашура күні ораза тұтқан адам сол жылы тұта алмаған (нәпіл) оразаларының сауабына қауышады». (Дәйләми)

2) «Сила-и рахим» жасау керек. Яғни туыстарға қонаққа барып, оларға сыйлық беріп, әртүрлі көмектермен көңілдерін аулау керек. Хадис шәрифте: «Сила-и рахимді тәрк еткен адам Ашура күні туыстарына қонаққа барса, Яхйа және Иса алейһиссаламның сауабындай сауапқа қауышады» делінген. (Шира)

3) Ілім үйрену керек! Хадис шәрифте: «Ашура күні ілім үйреніліп жатқан немесе Аллаһу та’ала зікір етіліп жатқан жерде біраз отырған адам жәннатқа кіреді» делінді.

4) Садақа беру сүннет, яғни ғибадат. Хадис шәрифте: «Ашура күні түйірдей садақа берген адам Ухуд тауындай сауапқа қауышады» делінген. (Шира)

5) Көп сәлем беру керек. Хадис шәрифте: «Ашура күні он мұсылманға сәлем берген адам бүкіл мұсылмандарға сәлем бергендей сауапқа қауышады» делінген. (Шира)

6) Отбасын, бала-шағасын қуанту керек! Хадис шәрифте: «Ашура күні жанұясының напақасын мол ұстаған адамның бүкіл бір жылғы напақасы мол болады» делінеді. (Бәйһақи)

7) Ғұсыл алу керек. Хадис шәрифте: «Ашура күні ғұсыл алған мұсылман күнәлардан тазарады» делінеді. (Шира)

(Бұл сауаптар сенімі дұрыс, яғни Әһли сүннет болған, намазын оқитын және харамдардан сақтанатын мұсылман үшін. Бұларға мән бермейтін адам Ашура күні бір емес, бірнеше рет ғұсыл алса да, күнәлары кешірілмейді).