Күннің тарихы... Астана күні
Астананы Алматыдан Қазақстанның орталығына көшіру ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 6 шілдедегі № 106-XIII "Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы" қаулысымен анықталған (сондықтан 6 шілде Астана күні болып саналады).
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы соңғы шешімді ҚР бұрынғы Президенті Н. Назарбаев 1997 жылы қабылдады және 1997 жылғы 20 қазандағы № 3700 Жарлығымен 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласы болып жарияланды.
1998 жылғы 6 мамырдағы № 3941 "Қазақстан Республикасының астанасы – Ақмола қаласын Астана деп қайта атау туралы" Жарлығымен Астана деп өзгертілді.
1998 жылдың 10 маусымында жаңа Астананың ресми тұсаукесері өтті. Астана мәртебесін алған сәттен бастап Астана күні 10 маусымда атап өтілді. 2006 жылы Астана күні 6 шілдеге ауыстырылды.
2019 жылдың наурыз айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың атын Нұр-сұлтан деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.
Қала Нұр-Сұлтан атауын 2022 жылдың 17 қыркүйегіне дейін иемденді. Өйткені, осы күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойды.
Жалпы алғанда “Акмолинск” қала мәртебесін 1862 жылғы 26 қыркүйекте алды.
2023 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша қала тұрғындар саны 1 354 435 адамды құрайды.