Сіз білесіз бе? Суда шомылғандағы ұстану керек ережелер
Жаздың діл ортасы шілде айындамыз. Бұл мезгілде суға шомылуға достарымызбен, отбасымызбен қыдырып барып бой жазатынымыз бар. Алайда жыл сайын шомылу науқанында қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамай жазатайым болып жататындар да аз емес. Мертігіп қалады, тұншығып жатады, суға батып та жатады. Шомылуға барғандағы біршама ережелер:
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
-Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
-Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
-Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
-Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
-Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
-Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.
-Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері. Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.
Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет. Суда ұзақ шомылу шаршап - шалдығуға әкеліп соғады.
-Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.
-Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.
-Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.