Ғтибратты оқиға... Дұға алу
Өзі ішкіліктен құтыла алмаған бір мұсылман қызметшісіне төрт дирхам ақша береді. Ішкілік алып келуге жібереді. Қызметші бара жатып жолда Мансур бин Аммар есімді кісінің бір кедейге жәрдемақы жинап жатқанын көреді. Мансур: «Бұл кедейге төрт дирхам берген адамға төрт тілегі үшін дұға етемін» дейді. Қызметші кедейге төрт дирхам ақшасын береді. Сонда Мансур былай дейді:
– Қандай дұға етуімді қалайсын?
– Қызметшіліктен құтылуды қалаймын.
– Екінші қалауыңды айт!
– Кедейге берген төрт дирхам менің ақшам емес еді. Менен мұны талап етеді. Төрт дирхам қалаймын.
– Үшінші қалауың қандай?
– Қожайыным тәубе етіп, ішкілікті тастауын қалаймын.
– Төртінші тілегің қандай?
– Аллаһу та’аланың мені, қожайынымды, сені, қауымымызды кешіруін қалаймын.
Мансур бин Аммар барлық тілегі үшін қажетті дұғаларын оқиды. Қызметші үйіне келгенде қожайыны кешігіп келуінің себебін сұрайды. Қызметші болған оқиғаны айтып береді. Сонда қожайыны былай сұрайды:
– Сен не сұрадың?
– Қызметшіліктен, құлдықтан құтылуды сұрадым.
– Жарайды, сені азат еттім. Басқа не сұрадың?
– Төрт дирхам сұрадым.
– Мә, төрт дирхам. Тағы не сұрадың?
– Тәубе етіп, ішкілікті тастауыңызды сұрадым.
– Тәубе еттім. Тағы басқа не сұрадың?
– Аллаһу та’аланың бәрімізді кешіруін сұрадым.
Қожайыны тоқтап қалады. «Бұл менің қолымда емес қой» деп ойланып қалады. Сол түні түсінде «Сен қолыңнан келгенін істедің, ал біз қолымызда болғанды істемейміз бе? Сені де, қызметшіңді де, Мансурды да және сол жерде болған бәрін кешірдім» делінеді.
Әр мұсылман қолындағысын аямау керек, әрдайым кешірімді болу керек!