Untitled Document

Сұхбат... Аз сөйлеудің пайдалары

Сұрақ: Аз сөйлеудің, үндемеудің пайдалары туралы және көп сөйлеудің зияндары туралы мәлімет бересіз бе?

Жауап: Пайғамбарымыз «Аз сөйлеу иманнан, көп сөз екі жүзділіктен» деп білдірген.

Тіл – үлкен ниғмет. Жақсылығы да, жамандығы да үлкен. Жәннатқа да, жаһаннамға да апарады. Көлемі кіші, зардабы үлкен. Адамның иманды немесе имансыз болуы ауыздан шығатын сөздеріне байланысты. Ауыздан шыққан сөз я шындық, я өтірік. Басқа мүшелердің өрісі, ауқымдылығы шектеулі. Құлақ тек естиді, көз тек қана көреді. Ал тілдің өрісі кең. Жақсылық немесе жамандық айту үшін өте кең мүмкіндіктерге ие.       

Хазреті Лұқман қонаққа ең жақсы тағам ретінде тілмен жүректі ұсынады. Басқа бір уақытта ең жаман тағам ретінде тағы да тілмен жүректі ұсынады. Тіл қылыш секілді дұрыстап қолданылмаса өз өліміңе себеп болады.

Тілге ие болу. Тіліне ие болмаған адамды шайтан әрқалай ойнатады. Үлкен құздың шетіне келтіріп, құлатады, пәлекеттерге душар қылады. Адам тіліне ахлақ тізгінін тақса, дүние және ахырет бақытына қауышады. Егер бос қалдырса зияндарға  ұшырайды.

Ең зиянды нәрсе. Аллаһу та’ала бос сөйлейтіндерді жақсы көрмейді. Бос сөйлеудің өзі осыншалықты жаман болса, зиянды нәрсе айтудың пәлекеті қалай болмақ? Хадис шәрифте: «Ең зиянды нәрсе көп сөйлеу» делінген. (Дәйләми)

Тілге ие болуға қатысты білдірілген хадис шәрифтердің біршамасы мынадай:

«Тілін тыйған адам құтылады». (Тирмизи)

«Амандық қалаған адам үндемесін, тілін тұтсын». (Ибн Әбиддунийа)

«Үндемеу хикмет, бірақ үндемей жүретіндер аз». (Дәйләми)

«Амалдардың ең қабыл болатыны тілін тыю». (Табарани)

«Жақсы сөзден өзге нәрселерде тілін тыйған адам шайтанды жеңеді». (Табарани)