Untitled Document

Ғибрат... Асанның есебі

Әкесінің әлденені есептеп, жазып отырғанын көрген Асан есімді бала өз бөлмесіне жүгіріп кеп, ойына алған нәрсені орындауға кіріседі. Анасына көрсеткен азын-аулақ көмегі үшін ақша сұрамақшы болады.

Келесі күні анасы ас үйдегі үстелдің үстінен бір қағаз тауып алады. Ондағы жазу мынау екен:

«Анасының ұлы Асанға қарызы:
-дүкеннен сөмке тасығаны үшін – 550 теңге;
-хаттарды поштаға салғаны үшін – 300 теңге;
-жақсы бала болғаны үшін – 1500 теңге;
-гүлдерге су құйғаны үшін – 900 теңге;
-Барлығы – 3250 теңге»

Анасы үстелдің үстіне 3250 теңге қалдырып кетеді. Кешке Асан ақшаны көргенде қатты қуанады. Алайда ақшаның жанында тағы бір қағаз жатқан еді.

Онда былай деп жазылыпты:
«Асанның анасына қарызы:
-үйде өткізген 10 жыл бақытты өмірі үшін – ештеңе;
-10 жыл ішінде ішіп-жегені үшін – ештеңе;
-Ауырған кездегі бағым-күтімі үшін – ештеңе;
-Жақсы ана болғаны үшін – ештеңе;
-Барлығы – ештеңе»

Қағазды оқыған Асан қызарып кетеді. Одан соң жүгіріп келіп анасын құшақтап, кешірім сұрап, ақшаны анасына қайтарып беріпті.