Күннің тарихы... ChatGPT деген не?
ChatGPT – американдық коммерциялық емес OpenAl компаниясының 2022 жылдың қараша айында таныстырған нейрондық желісі. Ол арқылы жасанды интеллектпен хат жазысып, кез келген сұрақ қоюға немесе тапсырма беруге болады.
"Бірінші GPT" 2019 жылы әзірленген еді. Ол жалған жаңалықтар жасауды білген. Бірақ көпшілік қолданысына шықпады, себебі, компанияның айтуынша, ол "тым кемшіліксіз болған". Дегенмен, сол жылы GPT-2 шықты. Үшінші GPT чат-боты 2020 жылы іске қосылды.
Ол не істей алады? Chat GPT түрлі сұрақтарға жауап бере алады және кеңес береді. Ол эссе, өлең, ән, сценарий, хатқа жауап, тамақ рецептін жаза алады, оқу бағдарламасын құрастыра алады, бизнес жоспар жазып, күнді жоспарлауға көмектеседі, жылдың негізгі оқиғалары туралы айта алады, іздеген суретті тауып береді, бағдарлама кодын жаза алады немесе кодтағы қателерді табуға көмектеседі.
Сонымен қатар, ол түрлі математикалық мысалдар мен теңдеулерді, физика және химия бойынша тапсырмаларды шығару жолын түсіндіре отырып, шешеді.
Алайда құрастырушылардың өзі ChatGPT-дің барлық жауабы бірдей дұрыс болмауы мүмкін екенін ескертеді.
Chat GPT адамды алмастыра ала ма?
Чат-боттар адамды толығымен алмастыра алмайды, дейді Speech Lab компаниясының Data Science тобының жетекшісі Артём Рычко.
"ChatGPT-тің қазіргі нұсқасы адамдарды алмастырмайды, бұл сөзсіз. Тарих көрсеткендей, уақыт өте келе адамдар істейтін кей жұмыстарды технологиялар атқара бастайды, бірақ бұл жерде ешқандай қауіп жоқ. Ол Google немесе Microsoft Word сияқты жұмысымызды жақсырақ әрі жылдам орындауға көмектесетін құрал ғана. Мысалы, мен ChatGPT-дің арқасында жұмысымның бірнеше сағатын үнемдедім", – деп түсіндірд.
informburo.kz