Untitled Document

Денсаулық... Алма сірке суы

Алма сірке қышқылын өз бетінше суға қосып ішетіндер бар. Оның салмақ жоғалту, қандағы қантты реттеу және асқазанның қалыпты жұмысы үшін пайдалы екенін айтады. 

Салмақ жоғалтуға көмектесе ме? «Алма сірке қышқылын бақылаусыз қабылдау асқазанның қышқылдығының тепе-теңдігін және соның салдарынан ас қорытуға жауапты микрофлораның бактериялық құрамын бұзуы мүмкін. Оның салмақ жоғалтудағы рөлі өте зор. Салмақ азайту және қалыпқа келтіру үшін тек тамақтану, ұйқы, қозғалыс, су және дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігін түзету маңызды. Рас, мен кейде қышқылдықты арттыру үшін су қосылған алма сірке суын ұсынамын, бірақ мен мұны өте сирек жасаймын», - дейді диетолог мамандар.

Алма сірке қышқылы қандай жағдайда көмектеседі? Алма сірке қышқылының арқасында асқазанда тұз қышқылы түзіледі, ол ағзаға дұрыс ас қорыту үшін қажет. Тұз қышқылы ақуыздың сіңуіне жауап береді, бактерияға қарсы қасиетке ие.

Маманның айтуынша, алма сірке суы да ішек микрофлорасын жақсарта алады. Алма сірке қышқылы – бұл иммунитетке, ас қорытуға және дәрумендерді өндіруге жауап беретін біздің ағзамыз үшін маңызды бактерия – Lactobacillus бар ашытылған өнім. Сондықтан ол дисбиозды түзетуде және пайдалы микрофлораны қолдауда көмекші бола алады.

Кімдерге алма сірке суын ішуге болмайды? Гастрит, асқазан жарасы, жоғары қышқылдық, асқазан-ішек жолдарындағы қабыну процестері бар адамдарғ алма сірке суын ішуге болмайды. Мұндай жағдайларда ол асқазан-ішек жолдарының шырышты қабатын одан да көп зақымдайды.