Сұхбат... Шайтанның тұзақтары.
Ібіліс жер бетіне түскенінде Аллаһу та'аладан былай деп сұрады:
– Йа Раббым, мені қуып жерге түсірдің. Менің мұнда үйім жоқ.
– Үйің – моншалар болады.
– Қай жерде жиналамын?
– Көшелер мен базарларда.
– Тамағым не болады?
– Бисмиллаһ айтылмай желінген нәрселер.
– Ішетін нәрсем не?
– Арақ-шараптар (Спиртті ішімдіктер).
– Азаным не болады?
– Музыкалық аспаптар.
– Кітабым не? Не оқимын?
– Әдепсіз (ұятсыз) өлеңдер.
– Менің хадистерім не?
– Өтірік сөздер.
– Тұзағым мен қақпаным не?
– Жаман әйелдер.
– Төсектес досым кім болады?
– Бисмиллаһсыз төсекке жататындар мен маскүнемдер.
– Сапарлас досым кім болады?
– Жолға шығарда Менің разылығыма қауышу үшін емес, өз нәпісінің қалауларымен жүретіндердің сапардағы досы боласың.
– Көмекшілерім мен елшілерім кім?
– Бидғатшылар сенің көмекшілерің, сиқыршылар сенің елшілерің.
– Бауырларым кім?
– Мүлкін ысырап ететіндер және жаман жолда жұмсайтындар сенің достарың болады.