Untitled Document

Сұхбат... Мұсылмандардың ұстанымы

Сұрақ: Айналамызда болсын, жұмыс істейтін жерімізде болсын, сенімдері және мінездері әр түрлі адамдармен кездесіп тұрамыз. Мұсылман ретінде олардың алдында іс-әрекеттеріміз қандай болуы керек?

Жауап: Имам Ғазали хазрет адамдарды төртке бөлген:

1) Ішіп-жеу мен рахаттанудан басқа ештеңе ойламайтындар.

2) Зорлық-зомбылық және зұлымдықпен әрекет ететіндер.

3) Айла және қулықпен айнасындағыларды алдайтындар.

4) Жақсы мінезді болған шынайы мұсылмандар.

Ұмытпауымыз керек болғаны, әр адамның жүрегінен Аллаһу та'алаға баратын бір жол бар. Ең маңыздысы, осы жолдан Ислам нұрының адамдарға жеткізілуі. Сол нұрды жүрегінде сезген адам, қай тұрғыдан болса да, жасаған жамандықтарына өкінеді және дұрыс жолды табады.

Егер барлық адамдар Ислам дінін қабылдаса, дүниеде жамандық та, қулық та, соғыс та, зорлық-зомбылық та, зұлымдық та қалмас еді. Сондықтан нағыз және кәміл мұсылман болуға күш салып, мұсылмандықты, негізі мен ерекшелігін түсіндіріп, бүкіл әлемге жаю – бәріміздің мойнымызға жүктелген борыш. Осыны атқаруымыз керек

Біреуді бір нәрсеге сендірмекші болған адам әуелі өзі соған сенуі шарт. Ал мүмин ешқашан сабырын жоғалтпайды және сенгенін айтып беруге қиналмайды. Ислам дініндей ашық және қисынды ешқандай дін жоқ. Бұл діннің негізін түсінген адам баршаға бұл діннің жалғыз хақ дін екенін оңайлықпен дәлелдеп бере алады.

Аллаһу та'ала Ислам дінін адамдардың дүниеде рахат және бақытты, бір-біріне бауыр болып өмір сүруі үшін және ахиретте шексіз азаптардан құтылуы үшін жіберген. Кәпірлер, яғни мұсылман болмағандар бұл бақыт жолынан мақрұм қалған бейшара адамдар. Оларды аяп, ренжітпеу керек! Оларды ғайбаттау да харам. Адамның саид (жәннаттық) немесе шақи (тозақтық) екендігі соңғы демінде белгілі болады.