Untitled Document

Сұхбат... Маңыздының да маңыздысы (1)

Сұрақ: Кейде маңызды нәрселердің маңыздырағы да болады. Осы мәселеде не білдірілген?

Жауап: Сүйікті пайғамбарымыз алейһиссалам кейбір маңызды нәрселерді білдіріп, одан да маңыздырағы жайлы хадис шәрифтерде былай деген:

«Барлық нәрсенің жолы бар. Жәннаттың жолы – ілім». (Дәйләми)

«Барлық нәрсенің тірегі бар. Діннің негізгі тірегі – фиқһ». (Бәйһақи)

«Барлық нәрсенің өзегі бар. Иманның өзегі – намаз». (Бәйһақи)

«Барлық нәрсенің зекеті бар. Дененің зекеті – ораза». (Ибн Мажа)

«Барлық нәрсенің зекеті бар. Үйдің зекеті – қонақ бөлмесі». (А.Рифаи)

«Барлық нәрсенің есігі бар. Ғибадаттың есігі – ораза». (Ибн Мубәрәк)

«Барлық нәрсенің негізі бар. Діннің негізі – Асхаби кирамды (сахабаларды) және Әһли бәйтті (пайғамбарымыздың отбасы мен ұрпағын) жақсы көру». (Ибн Нәжжар)

«Барлық нәрсенің қайнары бар. Тақуалықтың қайнары – әулиелердің жүректері». (Табарани)

«Барлық нәрсенің негізі бар. Иманның негізі – уәра (тақуалық)». (Хатиб)

«Барлық нәрсенің әшекейі бар. Құран кәрімнің әшекейі – әдемі дауыс». (Хаким)

«Барлық нәрсенің бұтағы бар. Иманның бұтағы – сабыр». (Хатиб)

«Барлық нәрсенің жылтырағы бар. Жүректің жылтырағы – Аллаһты еске алу». (Бәйһақи)

«Барлық нәрсенің жылтырағы бар. Жүректің жылтырағы – "Әстағфируллаһ" деп айту». (Дәйләми)

«Барлық нәрсенің жүрегі бар. Құранның жүрегі – Ясин сүресі». (Тирмизи) 

«Барлық нәрсенің мырзасы болады. Отырудың мырзасы – құбылаға қарап отыру». (Табарани)

«Барлық нәрсе мен Аллаһтың арасында перде бар. Ата-ана дұғасында перде жоқ». (Дәйләми)