Untitled Document

Сұхбат... Маңыздының да маңыздысы (2)

 «Барлық нәрсенің апаты бар. Үмбетімнің апаты – ақшаға көңіл бөлу». (Дәйләми)

«Әр үмбеттің фитнасы (емтиханы) бар. Үмбетімнің фитнасы – ақша». (Хаким)

«Әр үмбеттің бір саяхаты бар. Үмбетімнің саяхаты дінге қызмет». (Табарани)

«Әр діннің ерекшелігі бар. Үмбетімнің ерекшелігі – ұялу». (Ибн Мажа)

«Әр ағаштың жемісі болады. Жүректің жемісі – перзент». (Бәззар)

«Барлық нәрсенің кілті бар. Жәннаттың кілті – намаз». (Дәйләми)

«Барлық нәрсенің кілті бар. Аспанның кілті – "Лә илаһа иллаллаһ" сөзі». (Табарани)

«Барлық дерттің шипасы бар. Жүректің (көңілдің) шипасы – Аллаһу та'аланы еске алу». (Бәйһақи)

«Барлық дерттің дауасы бар. Тек өлімге ғана шара жоқ». (Табарани)

«Барлық нәрсенің бұзушы пәлекеті болады. Ал бұл діннің пәлекеті – жаман басқарушылар». (Харис)

«Барлық нәрсенің ақиқаты бар. Тағдырға сенбейтін адам иманның ақиқатына жете алмайды». (Нәсаи)

«Барлық нәрсенің тірегі бар. Мүминнің тірегі – ақыл, әркім өз ақылына лайықты ғибадат жасайды». (И.Ғазали)

«Иманның белгісі – Ансарды (Мәдиналық сахабаларды) жақсы көру, мұнафықтың белгісі – Ансарды жек көру». (Бұхари)

Әһли хикмет ғұламалар айтқан:

Барлық нәрсенің құндылығы бар, ал адамның құндылығы – білімі, ихсаны және әдебі.

Барлық нәрсенің ұрығы бар. Дұшпандықтың ұрығы – қалжың мен мазақ.

Барлық нәрсенің қысқа жолы бар. Жәннаттың қысқа жолы – дінге қызмет.

Барлық нәрсе тотығады. Жүректің тотығуы – тоқтық.

Барлық нәрсенің зекеті бар, ақылдың зекеті – мұң мен тәфәккур.