Untitled Document

Сұхбат... Қасиетті үш ай

Сұрақ: Қасиетті үш ай туралы мәлімет бересіз бе?

Жауап: Қасиетті үш ай деп Ражаб, Шабан және Рамазан айларын айтады. Бүгін Ражаб айы басталды.

Ражаб айы: Қасиетті төрт айдың бірі. Бір аяти кәримада: «Аллаһтың көктер мен жерді жаратқан күннен бері айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі харам (құрметті) болған айлар» делінген. (Тәубә 36)

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Харам (қасиетті) айлар – Ражаб, Зүл-қада, Зүл-хиджа және Мухаррам». (Ибни Жәрир)

«Жәннатта сондай зәулім сарайлар бар, оған тек Ражаб айында ораза тұтқандар кіреді». (Дәйләми)

«Аллаһу та'ала Ражаб айында ораза тұтқандарды кешіреді». (Ғунйа)

«Ражаб айының басында бір күн, ортасында бір күн және соңында бір күн ораза тұтқан адамға Ражаб айында толық ұстағандай сауап беріледі». (Мифтахул-жәннә)

«Аллаһу та'ала Ражаб айында жақсылығын арттырады. Бұл айда бір күн ораза ұстаған адам бір жыл ұстағандай сауапқа қауышады. Жеті күн ораза тұтқан адамға жаһаннам есіктері жабылады. Сегіз күн тұтқан адамға жаннаттың 8 есігі ашылады. Он күн тұтқанға Аллаһу та'ала қалағанын береді. Он бес күн ораза ұстағанға бір хабаршы: «Өткен күнәларың кешірілді» дейді. Аллаһу та'ала Нух алейһиссаламды Ражаб айында кемеге мінгізді. Ол да Ражаб айын оразамен өткізіп, қасындағылардың да ораза тұтуларына бұйрық берді». (Табарани)

«Ражаб айында тақуалықпен бір күн ораза ұстаған адам үшін, ораза ұсталған күндерге тіл бітіп: «Йа Раббым, оны кешір» деп айтады». (Әбу Мұхаммед)