Untitled Document

Сұхбат ... Не үшін Мұсылман болды?

é Атлант мұхиты мен Ақ теңіздің бір-біріне араласпай тұрғанын көрдім. Бұл ғылыми түрде дәлелденген еді. Ал бұның 1400 жыл бұрын Құран кәрімде білдірілгенін естігенде мұсылмандық хақ дін екеніне көзім жетіп мұсылман болдым. (Капитан Кусто – Франция)

é Құран Аллаһтың атымен басталады, Аллаһтың бір екенін білдіреді. Таңданысым артып тәуһид діні болған Мұсылмандықты таңдадым. (Кэт Стивенс – Англия)

é Ислам – бүкіл дәуірлерді қамтитын дін. Мұсылман болумен бүкіл дәуірлердің тәжі болған дінді таңдаған болдым. (Роджер Гарауди – Франция)

é Құран Аллаһтың атымен басталады Аллаһтың бір екендігін білдіреді. Анархияның алдын тек Ислам тәрбиесімен ғана ала алатынымызға сендім. Мұсылман болдым, ішкілікті тастадым, оранып намазды бастадым. (Тина Гфанзил – Германия)

é Ислам – дүниенің де ахыреттің де бақытын көрсеткені үшін мұсылман болдым. (Б. Карай – Зенгибар)

é Исламда ұлт, түс, тіл бөлушілігі болмағандықтан, бәрінің тең болуы, намаз оқығанда да дәрежеге, шенге қарамайтындығын көрдім. Мұсылман болдым. (Томас Клайтон – Америка)

é Ислам барлық жақсылықтарды қамтиды. Ешбір дінде бауырластық Исламдағыдай емес. (Др. Рольф Фрейхер – Австралия)

é Махаббат, дұрыстық, тазалық және жақсы мінезді бұйырғаны үшін мұсылман болдым. (А. Уэмура – Жапония)

é Ислам діні ақылға да сай екенін көріп мұсылман болдым. (Сесилла Канолли – Австралия)

é «Білім Қытайда болса да алыңдар!» деген хадисті оқыдым. Исламның білімге берген маңызын көріп мұсылман болдым. (Мр. Боард – Америка)

é Ислам ысырап пен сараңдыққа (қызғаншақтық) тыйым салған, материялық жағынан да рухани жағынан да ең жақсы қағидалары болған бір дін. (Роналд Рокуэл – АҚШ)