Сұхбат... Рағаиб түні
Қасиетті Ражаб айының алғашқы жұма түні Рағаиб түні деп аталады. Исламда барлық жұма түндері қасиетті. Бұл екі қасиетті түн бірге келгенде қасиеттілігі одан да арта түседі. Аллаһу та’ала бұл түні мұсылмандарға жақсылықтар, сый-сияпаттар береді. Бұл түнге құрмет көрсеткендерді кешіреді. Бұл түні жасалған дұғалар қайтарылмайды және де намаз, ораза, садақа сияқты ғибадаттар үшін сансыз көп сауаптар беріледі.
Рағаиб түнін ғибадатпен өткізу керек. Қазасы бар адам ең болмағанда бір күндік қаза намаздарын оқуы керек! Қазасы жоқ адам нәпіл намаз оқиды, Құран кәрім оқиды, тәсбих тартады, тәубе-истиғфар етеді. Бұл күні ораза тұтып, түнін ғибадатпен өткізудің сауабы өте үлкен. Қасиетті түндерде және әр уақытта да ілім үйрену бәрінен де жоғары келеді. Илмихал ілімдері ең қадірлі болып табылады.
Бейсенбі күні ораза тұтып, түнінде ғибадат ету өте сауапты болады. Бейсенбімен бірге жұма күні де ораза тұтудың зияны жоқ. (Ғунийа)
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Аллаһу та’ала Ражаб айында ораза тұтқан адамдарды кешіреді.» (Ғунийа)
«Мына бес түнде жасалған дұға қайтарылмайды: Рағаиб түні, Бәрат түні, Жұма түні, Рамазан айтының түні және Құрбан айт түні». (И. Асакир)
Ражаб айында жасалған дұға қабыл болады, қателер кешіріледі. Күнә істеген адамның жазасы қаншама есеге көбейеді.
Ражаб – Аллаһу та'аланың айы. Ражаб айына құрмет көрсеткен адамға Аллаһу та'ала дүние мен ахиретте сый-сияпат береді.